Облыстық сайлау комиссиясының ақпараты
Ағымдағы жылдың 10 қарашасында облыстық сайлау комиссиясында саяси партиялардың аймақтық филиалдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Алдағы уақытта облыс мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды ұсыну және аумақтық сайлау комиссияларына құжаттар тапсыру мәселелері талқыланды.
Комиссияға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
- саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмін ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi
- партиялық тізім (электрондық (Excel форматында) және қағаз түрінде);
- азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші және өмірбаяндық деректер;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған партия билеттерінің көшірмелері немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
сондай-ақ:
- уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
- кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
- саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат