Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 қаулысымен бекітілген

 

 

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
үлгі күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округтерін құру және олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

 (14-б., 6) т., 22-б.)

2. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі)

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады                   (103-б.)

6. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі)

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

 (103-б. 3,4, 5-т.)

7. Партиялық тізімдерге енгізілген мәслихат депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия партиялық тізімді ұсынғаннан кейін басталады

(102-б.)

8. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Партиялық тізім тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)

9. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

 (104-б.)

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 (104-б. 6-т. 1-тт.)

12. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия сенім білдірген адамдардың тізімін тапсырғаннан кейін

 (14-б , тт.8), 31-б.)

13. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

 

 (104-б. 2-т.)

14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін

 (34-б. 6-т.)

15. Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнайы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 ҚР ОСК қаулысымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 тамызда №870 тіркелген Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екі рет

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2020 жылғы 10 желтоқсанға  дейін (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 желтоқсанда сағат 18.00-де басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулерінің кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін

(26-1 б. 1-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету  

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

 (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 3 қаңтарға дейін

(38-б. 1-т., 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға дейін

(37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

(38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 (43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-б. 1-т.)

29. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткеннен кейін екі күннен кешіктірмей

2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей

(14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)

30. Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін аумақтық сайлау комиссиясының үй-жайында ілу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 (43-б. 8-1-т.)

31. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткеннен кейін бес күннен кешіктірмей

2021 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей

(111-б. 1-т.)

32. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

33. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

34. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

 

 

 

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

35. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

(34-б. 4-т.)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
22 октября 2020
Дата обновления
22 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы