Қарағанды облысы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайыздық мәнде 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде мүгедектігі бар адамдар үшін;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін қалған жастар қатарындағы азаматтар үшін квота белгіленсін.
Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев
орынд.: Т. Мұхтар
тел.: 432082