Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында семинар

2026 жылғы 17 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн казиноларға ставкалар қоюға және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және тұрмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қызметтік автомашиналардың мақсаты бойынша пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің дресс кодына назар аудару және басқа мәселелерге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Ж. Санбаев қатысты.

 

Дата публикации
18 февраля 2026