Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында семинар

2026 жылғы 16 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн казиноларға ставкалар қоюға және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және тұрмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қызметтік автомашиналардың мақсаты бойынша пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің дресс кодына назар аудару және басқа мәселелерге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Т.Т. Досаев қатысты.

 

Дата публикации
18 февраля 2026