Тең диалог – "Бірге табысқа"
Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде бүкіл әлемде 2005 жылы Будапеште өткен Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының Бас конференциясында белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Қазақстан азаматтардың сайлауға қатысу құқықтарының маңыздылығын және демократиялық азаматтық құқықтарды құрметтеуді басшылыққа ала отырып халықаралық бастамаға қосылды. Жыл сайын бүкіл ел бойынша осы күнге арналған іс-шаралар циклі өтеді.
Биылғы жылы облыстың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылған 26 маңызды іс-шара өткізілді. Облыс бойынша іс-шараларға 1200-ден астам адам қатысты, оның 955-ін жастар құрады. Олар әртүрлі форматта өткізілді: ҮЕҰ-мен дөңгелек үстелдер, мектеп оқушыларына арналған семинарлар, жұмысшы жастардың жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, қалалық және аудандық мәслихаттардың жас депутаттарымен кездесулері, балаларға арналған кітап көрмелері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студент жастарымен диалог алаңдары, тіпті ауыл жастары арасында патриоттық ән байқауы. Іс– шаралар қазіргі заманғы сайлау жүйесінің негізгі қағидаттарын: заңның үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтілік және кәсібилік насихаттауға бағытталған.
Қорытынды іс-шара 2026 жылғы 6 ақпанда Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының диалог алаңында сайлау комиссиясы мүшелерінің жастармен кездесуі болды. Кездесуде әділ және ашық сайлауды қамтамасыз ету, әрбір азаматтың сайлауда өз еркін білдіруіне мүмкіндік беру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жастар өз ісінің мамандарынан сайлау процесіне байланысты өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.
Жалпы, Жас сайлаушылар клубтары жақында ғана - 2025 жылдың қыркүйегінде құрылғанын және облыстың барлық өңірлерінде жұмыс істейтінін атап өту қажет, оның құрамына жастардың әртүрлі санаттары: өңірдің жұмысшы және Студент жастарының көшбасшылары кірді. Бүгінде олар өздерін жас сайлаушыларымыздың азаматтық ұстанымын жандандырудың пәрменді құралы ретінде көрсетті.




