Дүниежүзілік сайлау күніне орай "Қолжетімді және инклюзивті сайлау жүйесі: шындықтар мен проблемалар"

2026 жылғы 04 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнінеорай "Қолжетімді және инклюзивті сайлау жүйесі: шындықтар мен проблемалар" тақырыбында Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Жұмыс тобының қызметі аумақтық сайлау комиссияларының, ҮЕҰ басшылары мен жергілікті атқарушы органдарының тиімді өзара іс-қимылы арқылы Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі азаматтарының сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Отырыс облыстық сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Нұркенов басқаруымен және деҚарағанды облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментінің басшысы Н.А. Бляловтың, Қарағанды облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т. Мұхтардың қатысуыменөтті. Отырыста мүгедек адамдардың сайлаушы және сайланбалы лауазымдарға кандидат ретіндегі құқықтарын іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.

Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында жұмыс тобы сайлау науқандары кездерінде сайлау учаскелерінің қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша қабылданған шараларды саралады.

Отырыс барысындаҚарағанды, Балқаш, Абай, Саран қалалары жұмыс топтарының белсенді мүшелері Қарағанды облысының қолжетімді және инклюзивті сайлау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Дата публикации
04 февраля 2026