Қарағанды облысының туризм басқармасында семинар

2026 жылғы 14 қаңтарда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының туризм басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және күнделікті өмірде әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының туризм басқармасының басшысы И.Ю.Любарская қатысты.

 

Дата публикации
15 января 2026