«Ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу ерекшелігі» тақырыбы бойынша оқыту семинары

Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға дайындау шеңберінде Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Есмаганбетов С.А. электоралды оқыту бағытына жауапты ретінде Қарағанды облысының Саран, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Осакаров, Нұра және Шет аудандарының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды жүргізді. Оқыту ағымдағы жылдың маусым айының 2-нен бастап 18-не дейін өтті.

Оқытуда аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының осы сайлау науқанының барлық кезеңіндегі өкілеттіктері түсіндірілді және әкімді сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруін өткізудің ұйымдастырушылық ерекшеліктері мен тәртібі талқыланды.

Оқыту барысында қатысушылардың назарына кейстер жинағы ұсынылды, онда дауыс беру күні туындауы мүмкін стандартты емес жағдайлар жасалынып және оларды шешу тәсілі бойынша құзыретті түсініктемелер берілді. Оқытуда сайлау үрдісінде қатысушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, сайлау құжаттарын сауатты ресімдеу, дауыс беру күні сайлаушылардың дауыстарын санау және дауыс беру қорытындыларын белгілеу кезінде сайлау комиссиясының жұмыс дағдылары мәселелері қамтылды.

Оқыту семинарына жоғарыда көрсетілген өңірлердің 414 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Дата публикации
26 июня 2025