2025 жылғы 10 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді сақтауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, діни мәселелер бойынша және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды.

