Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында семинар

2025 жылғы 5 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге және т. б. ерекше назар аударылды.

 

Дата публикации
11 июня 2025