2025 жылғы 22 мамырда Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нүркенов Қарағанды тау-кен индустриалды колледжінің студенттерімен кездесті.
Тау-кен индустриалды колледжінің білім алушы жастары кездейсоқ таңдалмады, өйткені елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған соң төраға жұмысшы мамандығы бойынша білім алушылармен кездесуін бастады.
Кездесуге 100-ден астам студент жиналды, олардың арасында колледждің сайланған президенті және жас сайлаушылар белсенділері болды. Іс-шараға облыстық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Өз сөзінде К. К. Нұркенов облыстық сайлау комиссиясының қызметі туралы, қазіргі заманғы сайлау жүйесінің ерекшеліктері туралы, оның бүгінгі күні қалай дамып жатқаны және 2022 жылғы ауқымды конституциялық реформаның нәтижесінде қандай ілгері өзгерістер орын алғаны туралы айтып берді.
Сондай-ақ, төраға жас сайлаушылардың сайлау процесіне белсенді қатысуының маңыздылығына назар аударды.
Төраға сөз сөйлегеннен кейін студенттер тарапынан оларды қызықтыратын сайлау және сайлау қызметі тақырыптары бойынша сұрақтар түсті. Кездесудің белсенді қатысушыларына сыйлықтар, сондай-ақ Қарағанды тау-кен индустриалды колледжінің басшылығына төраға алғыс хаттар табыс етті.
Кездесу соңында Қ. Қ. Нүркенов студенттерге арнаған сөзінде жас сайлаушылар арасында сайлау мәдениетін арттыру керектігін айтып, облыстың сайлау комиссиялары әрқашан ашық және ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті!








