6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні!

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Бұл күн 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен Сайлау процестерін ұйымдастырушылардың бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітіліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымына ие болды.

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы сайлау процесінің барлық қатысушыларына шын жүректен тілектестігін білдіреді, олардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі еркін және ашық сайлау болып табылады.

Сайлау қуатты азаматтық қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекеттің ажырамас атрибуты болып табылатынын түсіне отырып, қоғамның әрдайым демократияландыру және демократиялық құндылықтар жолымен жүруіне тілектеспіз.

Демократиялық сайлаудың маңыздылығын еске салғымыз келеді, оған жауапты қарауымыз қажет, сайлауға қатысуға уәждеме мен уақыт тауып, сондай-ақ өз елінің болашағын құру үшін жауапкершілікті сезінгеніміз жөн, өйткені әрбір дауыс маңызды!

Дата публикации
06 февраля 2025