Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу туралы
Хабарламасы
Облыстық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 20-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес жарғылық қызметіне сайлауды бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеу алу үшін қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар тиісті сайлау комиссиясына төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді.
Өтінішті қарау мерзімі – 1 ай.
Аккредиттеу мерзімі – 1 жыл.
Анықтама телефоны: 8321-2-50-15-27(6764)
Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы