Дүниежүзілік сайлау күні!

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту жақсы дәстүрге айналды. Осы мерекеге орай Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы мен облыстың аумақтық сайлау комиссиялары 2024 жылдың 29 қаңтар мен 02 ақпан аралығында қоғамда сайлау мәдениетін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді. Атап айтқанда, дөңгелек үстелдер, викториналар, конкурстар, семинарлар, форум және пікірсайыс турнирі өткізілді. Енді, 2024 жылдың 1 ақпанында облыстық сайлау комиссиясы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетімен бірлесіп "Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау процесінің даму эволюциясы және қазіргі тенденциялары" тақырыбында пікірталас турнирін өткізді. Аталған пікірсайысқа университеттегі пікірсайыс клубының студенттері қатысты. Қазақ және орыс лигасының қатысуына байланысты пікірталас екі тілде өтті. Пікірсайыс жоғары деңгейде өтті және осы іс-шарадағы барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды, сондай-ақ белсенді спикерлерге облыстық сайлау комиссиясы төрағасының атынан алғыс хаттар табысталды. Облыстық сайлау комиссиясы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің басшылығына осы іс-шараны өткізуге белсенді қолдау көрсеткені үшін жеке алғысын білдіреді!

Дата публикации
03 февраля 2024