Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында оқыту семинарлары аяқталды

Сайлау науқаны мәресіне жақындап қалды. ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына 3 күн қалды.

10-15 наурыз аралығында, бес күн бойы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері 19-наурызда қалалар мен аудандардың сайлау учаскелерінде атқарылатын жұмыстар бойынша оқыту және түсіндіру дәрістерін жүргізді.

Сайлау комиссиялары мен учаскелерінің басшыларына сайлауды қалай дұрыс өткізу керектігі көрсетіліп, заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Бүгін, 16 наурызда Нұра ауданында оқыту семинары өтті. Осымен аймақ бойынша аталған семинарлар циклі аяқталды.

Дата публикации
17 марта 2023