14-15 наурызда Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Шахтинск, Саран қалаларында және Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы аудандарында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауының ерекшеліктері бойынша оқыту семинарларын өткізді.
Семинар барысында Аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері сайлау учаскелерінде дауыс беру тәртібін түсіндірді.
Сайлауға 4 күн қалды.
2023 жылғы 19 наурызда қазақстандықтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысатын болады.

















