Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері өңірдің қалалары мен аудандарында оқыту семинарларын өткізуде.
Семинардың негізгі мақсаты - Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға алдағы сайлаудың дауыс беру күнінің ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады. Аталған семинарлар Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен ағымдағы жылдың 10-15 наурызы аралығында өткізіледі.
12-13 наурызда оқыту семинарлары Қарағанды қаласы, Абай, Ақтоғай және Шет аудандарында өтті.












