Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы аудандағы әдеп семинары
Ағымдағы жылдың 10 наурызында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдықәрімова Ә.Бөкейхан атындағы аудан әкімі аппаратында семинар өткізді. Қарағанды қаласының мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттар, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Қ. Сүлейменов және аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі В. Храпов қатысты.
