Қарағандыға іс-сапармен ҚР ОСК мүшелері келді

Қарағандыға іс-сапармен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері келді. Кездесу барысында сайлау комиссиясының мүшелері байқаушылармен кездесті.

Кездесу барысында Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты дайындық жұмыстары пысықталды. Онда аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмыстары ортаға салынды.

Алдағы саяси науқанды ашық, әрі барынша әділ өткізу үшін өңірдің әр аймақтарынан келген сайлау комиссиясының мүшелері тәжірибе алмасты. Олардың дайындығын пысықтау мақсатында іскерлік сабақтар өтті.

Қарағандыда өткен көшпелі семинар-кеңеске орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина қатысты.

Дата публикации
10 марта 2023