Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандағы Әдеп семинары
Ү. ж. 9 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдықарімова Қарағанды қаласының Қазыбек биі аудан әкімі аппаратында семинар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттар, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген. Семинарға аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қабаев қатысты.
