2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1), 6-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сайлаудың әрбір түрі бойынша есептен шығару куәлігінің түсі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары:

1) 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес дайындауды қамтамасыз етсін және дайындалған саны туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын хабардар етсін;

2) есептен шығару куәліктерін тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына бөлсін және жіберсін;

3) дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін 2023 жылғы 3 наурыздан кешіктірмей, учаскелік сайлау комиссияларына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.

 

 

Төраға                                                                                                           Н. Әбдіров

Хатшы                                                                                                           М. Ерман

 

 

Астана қаласы,

2023 жылғы 27 ақпан

№ 50/737 

 

 

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 27  ақпандағы
№ 50/737 қаулысына қосымша

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында әрбір сайлау түрі бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің түсін белгілеу туралы

 

1.             

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

- көк түс (100% Cyan)

2.             

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

- жасыл түс (Cyan+Yellow 100%)

3.             

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

- қызғылт түс (100% Magenta)

4.             

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері  бойынша сайланатын депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

- қызғылт сары түс (Magenta 40%+Yellow100%)

5.             

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері  бойынша сайланатын депутаттарының сайлауында дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

- сұр түс (Black 100%, тангирдің түсі – растрлық тығыздығы 30%)

Дата публикации
28 февраля 2023