2023 жылы тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауындағы кандитаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері туралы

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
№ 2/2 4 қаңтар 2023 жыл

 

2023 жылы тағайындалған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауындағы кандитаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 33-бабының 1-1,2-1 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім кандидаттың округтегі сайлаушылар санына байланысты республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынандай мөлшері белгіленсін:

1 000 сайлаушыға дейің – 200 000 (екі жүз мың) теңге,

1 001 ден 3 000 дейің сайлаушыға – 220 000 (екі жүз жиырма мың) теңге,

3 001 жоғары сайлаушыға – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге

1- 3 шешім қосымшаларына сәйкес

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Қарағанды облыстық сайлау
комиссиясының
төрағасы                                                          К. Нуркенов

 

Қарағанды облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы                                                          Н. Баталова

 

 

 

Шешімге қосымша 1 № 2/2 4 қаңтар 2023 жыл

 

Халық саны 1000-ға дейің жететін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауындағы кандитаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 

1) мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялауға – 90 000 (тоқсан мың) теңге;

2) бағдарламаны теледидар және радио арқылы 10 минут баяндауға – 20 000 (жиырма мың) теңге ;

3) үгіт материалдарын шығаруға – 50 000 (елу мың) теңге;

4) үй-жайларды жалға алуға – 10 000 (он мың) теңге;

5) көліктік шығыстарға – 30 000 (отыз мың) теңге.

 

Анықтама: мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлеміне кепілдік береді: теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) - он бес минут; радиода - он минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаланы жариялау үшін 0,1 баспа парағынан аспайды.
Баспа парағын 60x90 см, ауданы 5400 см2 қағаз парағы деп түсіну керек. 0,1 баспа парағының көлемі 540 км2 алаңға тең, бұл А - 2 форматындағы газет жолағының 1/4 бөлігін құрайды.

 

 

 

Шешімге қосымша 2 № 2/2 4 қаңтар 2023 жыл

 

Халық саны 1001 ден 3000-ға дейің жететін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауындағы кандитаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 

1) мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялауға- 90 000 (тоқсан мың) теңге;

2) бағдарламаны теледидар және радио арқылы 10 минут баяндауға – 20 000 (жиырма мың) теңге ;

3) үгіт материалдарын шығаруға – 60 000 (алпыс мың) теңге;

4) үй-жайларды жалға алуға – 10 000 (он мың) теңге;

5) көліктік шығыстарға – 40 000 (қырық мың) теңге.

 

 

 

Шешімге қосымша 3 № 2/2 4 қаңтар 2023 жыл

 

Халық саны 3001 ден жоғары аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауындағы кандитаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 

1) мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялауға - 90 000 (тоқсан мың) теңге;

2) бағдарламаны теледидар және радио арқылы 10 минут баяндауға – 20 000 (жиырма мың) теңге ;

3) үгіт материалдарын шығаруға – 80 000 (сексен мың) теңге;

4) үй-жайларды жалға алуға – 10 000 (он мың) теңге;

5) көліктік шығыстарға – 50 000 (елу мың) теңге.

Дата публикации
23 февраля 2023