ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының ұзақ мерзімді бақылаушыларымен кездесу

Кеше Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нүркенов бастаған өңірлік комиссия мүшелері ДИАҚБ/ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро) миссиясының ұзақ мерзімді бақылаушылары Винсент Годбийон мырза және София Катрин Свенссон ханыммен кездесу өткізді. Бас қосу барысында қос тарап ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысына қатысты мәселелерді талқылады.

Шетелдік бақылаушылар Қарағанды облысы бойынша жұмыс істейтін болады және біздің өңірдегі сайлау барысын қарастырады.

Дата публикации
21 февраля 2023