2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 130 000 (жүз отыз мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 70 000 (жетпіс мың) теңге.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы М. Ерман
Астана қаласы
2023 жылғы 19 ақпан
№47/727