2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы М. Ерман
Астана қаласы
2023 жылғы 19 ақпан
№47/726