2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына жекелеген кандидаттардың сайлау туралы заңнаманы бұзғаны туралы енгізген № 2-010300-23-14482 ұсынымының, № 2-010300-23-14485 ұсынымының, № 2-010300-23-14489 ұсынымының және № 2-010300-23-14492 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына енгізген ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына жекелеген кандидаттарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына келісім берілсін.
  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                    Н. Әбдіров

 

Хатшы                                                                                    М. Ерман

 

 

Астана қаласы

2023 жылғы 18 ақпан

№ 46/725

 

Дата публикации
19 февраля 2023