Ағымдағы жылдың 15 ақпанында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдықарымова Саран қаласының Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде семинарлар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттары, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген. Семинарларға Саран қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А. Өтешев қатысты.
Саран қаласының Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімімен Семинар, бөлім басшысы Арнешев Дастан Болатбекұлы

Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлім басшысы Шегай Марина Владимировнамен семинар
