2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту кезеңдерінің мерзімдерін сақтаумен қатар оқыту сапасын және сайлауды ұйымдастырушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ете отырып, оқытуды ұйымдастырсын.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                         Н. Әбдіров

 

Хатшы                                                                         М. Ерман

 

 

 

Астана қаласы

2023 жылғы 23 қаңтар

№ 22/690

 

 

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 22/690 қаулысына қосымша

2023 жылғы  19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру
ЖОСПАРЫ

6.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру

Петров К.В.,
ҚР ОСК мүшелері (жетекшілік ететін бағыттары бойынша),
Бектемісова Б.Ғ.
Ниязов А.А.

ҚР ОСК,
ҚР СІМ (келісім бойынша),
Астана қ. АСК,
«ҚР ОСК ИТО» РМК

онлайн

наурыз

7.

Сайлау процесінің басқа қатысушылары үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу:
- сайлауалды штабтардың өкілдері;
- саяси партиялардың өкілдері;
- сенім білдірілген адамдар;
- сайлауды байқауды мақсат еткен қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
- мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
- ЖАО қаржы қызметтерінің өкілдері;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
- өңірлік колл-орталықтардың қызметкерлері;
- прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Петров К.В.,
ҚР ОСК мүшелері (жетекшілік ететін бағыттары бойынша),
Ниязов А.А.

ҚР ОСК,
ҚР АҚДМ (келісім бойынша),
«ҚР ОСК ИТО» РМК

офлайн,
онлайн

қаңтар-ақпан

8.

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің және Жас сайлаушылар клубы қатысушыларының қатысуымен ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысын өткізу

Өтемісов Ш.Ә.,
Мұстафина С.С.,
ЭОО

ҚР ОСК аппаратының құрылымдық,
«ҚР ОСК ИТО» РМК

офлайн,
онлайн

ақпан

9.

Әдістемелік құралдар мен ақпараттық-түсіндіру материалдарын шығару:
- ҚР ОСК интернет-ресурсында электрондық нұсқаларын орналастыру;
- тиісті типографиялық өнімдерді шығару

Мұстафина С.С.,
ҚР ОСК мүшелері (жетекшілік ететін бағыттары бойынша)

ҚР ОСК аппаратының құрылымдық бөлімшелері (бағыттары бойынша),
ЭОО

 

ақпан-наурыз

10.

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Дауыс беру күні» оқыту фильмін дайындау

Мұстафина С.С.

ҚР ОСК,
Астана қ. АСК

 

ақпан

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауларын даярлау және өткізу мәселелері бойынша оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу

Петров К.В.,
Мұстафина С.С.

ҚР ОСК

 

қаңтар

2.

Білім алушылардың санаттары бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау» модулі бойынша қашықтықтан оқыту мен тестілеуді ұйымдастыру және өткізу:
- аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері;
- округтік сайлау комиссияларының мүшелері;
- учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері

Мұстафина С.С.,
Ниязов А.А.

ҚР ОСК,
«ҚР ОСК ИТО» РМК,
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың АСК

онлайн

қаңтар-наурыз

3.

Өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін бейнеконференц-байланыс форматында семинар-кеңестер өткізу (жеке жоспар-кесте бойынша)

Петров К.В.,
ҚР ОСК мүшелері (жетекшілік ететін бағыттары бойынша),
Ниязов А.А.

ҚР ОСК,
«ҚР ОСК ИТО» РМК

онлайн

қаңтар-наурыз

4.

Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, сайлауалды штабтар, саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар мен сенім білдірілген адамдар үшін Орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен өңірлерде көшпелі оқыту семинар-кеңестері мен тренингтерін ұйымдастыру және өткізу

ҚР ОСК мүшелері (жетекшілік ететін өңірлері бойынша)

ҚР ОСК,
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың АСК,
ЭОО (филиалдары)

офлайн

ақпан-наурыз

5.

Төмен тұрған аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары, сайлауалды штабтар, саяси партиялар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, сенім білдірілген адамдар, мүдделі мемлекеттік органдар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен өңірлерде көшпелі оқыту семинар-кеңестері мен тренингтерін ұйымдастыру және өткізу

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың АСК төрағалары,
Электоралдық оқытуға жауапты АСК мүшелері

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың АСК

офлайн
онлайн

қаңтар-наурыз


Ескерту: аббревиатуралардың тарқатылуы:

ҚР СІМ

- ҚР Сыртқы істер министрлігі

ҚР АҚДМ

- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

«ҚР ОСК ИТО» РМК

- «ҚР Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК

АСК

- аумақтық сайлау комиссиясы

УСК

- учаскелік сайлау комиссиясы

ҚР ОСК

- ҚР Орталық сайлау комиссиясы

ЭОО

- ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығы

Дата публикации
24 января 2023