Шахтинск аймағында этикалық семинар

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Қабдықарымова Шахтинск қаласының экономика және қаржы Бөлімінде, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт Бөлімінде семинарлар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттары, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген. Семинарларға Шахтинск қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі А. Майдина, Шахтинск өңірінің мәдениет ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

 

Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімінде Бөлім басшысы Таширова Светлана Анатольевнамен Семинар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Бөлім басшысы Сәуле Құрмашқызы Ибраевамен Семинар

Дата публикации
06 февраля 2023