Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері өңірдің саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері филиалдарының басшыларымен және өкілдерімен кездесті

25 қаңтарда Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері өңірдің саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері филиалдарының басшыларымен және өкілдерімен кездесті.

Аталмыш жиналыс облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нүркеновтың басшылығымен өтті. Жиын ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына депутаттарды сайлау бойынша өтетін сайлау кампаниясы шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптар кандидаттарды ұсыну және тіркеу мәселелерін, сайлаудың пропорционалды және мажоритарлық жүйесінің ерекшеліктерін талқыға салды.

Сонымен қатар, сайлау барысын бақылауды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарды аккредиттеу мәселелеріне тоқталды. Сайлау комиссиясының мүшелері қатысушыларға сайлау заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Дата публикации
26 января 2023