Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктермен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 16-10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы 2023 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы м.а. Ш. Өтемісов
Астана қаласы,
2022 жылғы 27 желтоқсан
№ 131/626