Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы
2023 жылғы 14 қаңтарда Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтті. Сайлаушылар жиналысына 188 депутат қатысты.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде дауыстар келесідей бөлінді:
|
Депутаттыққа кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты |
Депутаттыққа кандидат үшін берілген дауыстар саны |
|
Әбілов Мұрат Смағұлұлы |
15 (он бес) |
|
Өтешов Серік Балғатайұлы |
147 (жүз қырық жеті) |
|
Шатохина Татьяна Николаевна |
24 (жиырма төрт) |
ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық сайлау комиссиясының хаттамасы Орталық сайлау комиссиясына берілді.