Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Қарағанды қаласында ОСК төрағасының орынбасары К.В. Петровтың және ОСК мүшесі С.С. Мұстафинаның қатысуымен облыстың ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындығы мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға сайлау комиссиясының мүшелері, саяси партиялардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, сайлауды жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, сайлау жаттықтырушылары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесуге барлығы 328 адам қатысты.
К.В. Петров ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктерімен таныстырып, азаматтарға сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша көмек көрсетудің алуан түрлілігіне және мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған үй-жайлардың қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етуге баса назар аударды.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының сайлаушылар тізімі,сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Д.З. Ешкеев баяндады. Мәселен, облыста 642 сайлау учаскесі іске қосылды, дауыс берушілердің тізімдері сайлау комиссияларына уақытылы берілді
Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының заңдылықты сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары В.Н. Шабер сөз сөйледі. Баяндамашы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті айқындайтын заңнама нормаларын түсіндірді, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың жиі жол берілетін бұзушылықтарын атап өтті.
Облыс полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қ.Ж.Исмағұлов дауыс беру күні сайлау учаскелерінде облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және осы объектілерді тәулік бойы қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Бағдарламаның екінші бөлімінде сайлау комиссиясы үшін іскерлік ойын түрінде тренинг өткізілді. Тренинг аясында дауыс беру күні модельденіп, сайлау комиссиясы мүшелерінің практикалық дағдылары тексерілді. Константин Викторович пен Сабила Сапарқызы ойын процесіне белсенді қатысып, комиссия мүшелерінің әрекеттеріне түсініктеме берді.
Кездесу қорытындысы бойынша К.В. Петров пен С.С. Мұстафина аумақтық және учаскелік комиссиялардың төрағаларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Облыстық сайлау комиссиясы






