Ағымдағы жылдың 29 қазанында Қарағанды облысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Қаршығаұлы Нүркеновтың қатысуымен ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу бойынша семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелері, әкімдер аппараттарының басшылары және өңірдің басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында 2022 жылғы 20 қарашада тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық мәселелері және учаскелік сайлау комиссияларының сайлаушылар тізімін нақтылау және есептен шығару куәліктерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру кезеңінде облыстың сайлау комиссияларының алдында тұрған міндеттер талқыланды.
Семинар-кеңесте сайлау процесінің мүшелерін электоралды оқытуды ұйымдастыру, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын сақтау және «ЖТ» МДҚ негізінде сайлаушылар туралы мәліметтерді қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының бақылауды ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасылды, сайлауды ұйымдастырушылардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша міндеттер мен бағыттар айқындалды.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Нүркенов аумақтық және учаскелік комиссиялар сайлау жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатынын, олар жергілікті жерлерде сайлау туралы заңнаманың орындалуын, оның біркелкі қолданылуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Облыстық сайлау комиссиясы