Ағымдағы жылдың 27 қазанында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Нүркенов пен облыстық сайлау комиссиясының мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ELZBIETA Kinga Swidrowska (Польша) Pavlo Cherkashyn (Украина) миссиясының ұзақ мерзімді бақылаушыларымен кездесті.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Нүркенов ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі мен 20 қарашасы аралығындағы кезеңде сайлау органдарының барлық кезеңдері мен іс-әрекеттері туралы айтып берді.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары және науқанның негізгі кезеңдері сияқты мәселелер қаралды.
ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының өкілдеріне 2017-2022 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы, сайлау процесінің мүшелерін электоралды оқытуды ұйымдастыру мәселелеріне, сайлау құқықтарының сақталуына және 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасау жөніндегі шараларға назар аударылды. Сайлау процесі және сайлау комиссиялары мен учаскелерін дауыс беру күніне дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты. Сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар берілді.
Облыстық сайлау комиссиясы