16 қыркүйекте облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Кабдыкаримова облыстық денсаулық сақтау басқармасында этикалық семинар өткізді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері 2022 жылғы 22 ақпандағы жаңа редакциядағы Әдеп кодексімен танысты. Әдеп кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әңгіме өткізілді. Мемлекеттік орган қызметінде ақпараттық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды.
