Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап Қарағанды облысының аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес облыста Дүниежүзілік сайлау күніне арналған «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыбында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу жоспарлануда.
«Дүниежүзілік сайлау күні» акциясы Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Акцияға облыстың білім беру ұйымдары, облыстың жоғары оқу орындары, колледждері қатысты. Акция тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы облыс жұртшылығын ақпараттандыруға, сайлаушылардың сайлау белсенділігін арттыруға және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Дәрістерді облыстардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сертификатталған бапкерлер, сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сарапшылар оқиды.
Акцияны ақпараттық қамтамасыз ету хабарлары өңірлердің сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Облыстық сайлау комиссиясы