Қарағанды облысында 2021 жылдың 25 шілдесіне ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Ағымдағы жылдың шілде айында алғашқы тікелей сайлауда 75 ауыл әкімін сайлау жоспарлануда.
Сайлау 134 мыңнан астам адам тұратын 149 елді мекенде өтеді, олардың 81 мыңнан астамы – сайлаушылар.
Ауылдық деңгейдегі әкімдердің тікелей сайлауын өткізуге 164 сайлау комиссиясы қатысады, оның ішінде: 15 аумақтық, 149 учаскелік, оларда 952 комиссия мүшелері бар (АСК – 105, учаскелік – 847).
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар ұсынылуы мүмкін:
- өзін-өзі ұсыну тәртібінде;
- саяси партиялардан;
- өңірлердің әкімдерімен;
Кандидат «Сайлау туралы» Конституциялық Заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
КАНДИДАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Қазақстан Республикасының азаматы;
- жасы - 25 жастан кіші емес;
- мемлекеттік қызметкерлер үшін жалпы шектеулер, мысалы, соттылық, әрекетке қабілетсіздік;
- әкім лауазымына қойылатын біліктілік талаптары кеңейтілді;
- кандидаттың заңнамада белгіленген ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі;
- жаңашылдық сайлаушыларға да қатысты:
сайлау бюллетенінің нысанына "Барлығына қарсы" бағаны енгізілді";- осы заңнамада бір адам бір елді мекеннің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайтындығы жаңа болып табылады.
Ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап аумақтық сайлау комиссияларының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес облыста ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды.
Ағымдағы жылғы 2 шілдедегі жағдайы бойынша 224 кандидат, оның ішінде 55 саяси партия және 169 өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.