Ү.ж. 28-30 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Каб-дыкаримова облыс әкімі аппаратының ғимаратында облыстық басқармаларда семинарлар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге арналған ұсыныстар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің түрлі жағдайлардағы мінез-құлқының мысалдары келтірілген.