Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының Хабарламасы

Ағымдағы жылдың 15 маусымында облыстық сайлау комиссиясы Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің және ОСК мүшесі А.Г.Щегорцованың қатысуымен "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері» тақырынбында семинар-кеңес өткізді. Семинарда сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер талқыланды. Семинар-кеңесте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Б.Аймағамбетов, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.М.Әпиева, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Б. Құсайын және облыстың бас санитарлық дәрігері Ю.Л.Залыгин сөз сөйледі. Сондай-ақ мәселелерді талқылауға ҚР ОСК мүшесі А.Г.Щегорцова қатысты. Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбек өңірлердің әкімдеріне тікелей сайлауға қатысатын ауыл әкімдерінің сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру жөнінде, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау учаскелерінің сайлауға толық дайындығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.

Кеңеске БКБ режимінде облыстың барлық өңірлері қосылып, сайлау процесіне қатысушы 500-ден астам адам қатысты.

Дата публикации
16 июня 2021