Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Қарағанды облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2027 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспарын бекіту туралы
|
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
|
|
АКИМ КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
ӨКІМ 2026 жылғы 11 қараша Қарағанды қаласы |
|
РАСПОРЯЖЕНИЕ
№ 97 ө город Караганда |
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Қарағанды облысында мерзімді тексеру жүргізудің
2027 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес:
1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес қоса берілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша Қарағанды облысында мерзімді тексеру жүргізудің 2027 жылғы І жартыжылдыққа арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жоспарды Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етіп, осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Е. Бөлекпаев
Орынд. А. Шалабаева
Тел.: 510188
32
11 қараша 2026 16:03
11 қараша 2026