Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтуды арттыру және сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Орта білім

Мектеп кітапханасы қоры есебінен 1-11 сынып оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерге көру және интелектуалды қабілеті бұзылған балаларға арналған оқулықтар сатып алуға бюджеттік қаржы бөлінуде.

Облыстың компьютерлік паркі көрсеткіші Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сәйкес келеді.

Кең жолақты Интернетке қосылу көрсеткіші 100% құрайды.

Облыс мектептерінде робототехника зертханалары қызмет атқаруда.

Білім беруді цифрландыру

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына және 1 сыныптарға қабылдау бойынша Мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған.

Бюджет қаражатының шығыстарын қысқарту мақсатында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Custom solutions center» ЖШС - Индиго 24 КZ бірыңғай электрондық платформасы енгізілді.

Сондай-ақ, арнайы және инклюзивті білім беру, қамқоршылық және қорғаншылық саласындағы мемлекеттік қызметтер мен міндеттерді автоматтандыру үшін «Malahit» бағдарламасы енгізілді.

Жалпы орта білім беру шеңберінде өтініш беруден бастап көрсетілетін қызметті алушыға нәтижені жіберуге дейінгі мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған және E-bilimal платформасы арқылы көрсетіледі. Жүйе «электрондық үкімет» веб-порталымен және «Bilimal» автоматтандырылған басқару жүйесімен біріктірілген, бұл олардың бір экожүйеде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Барлық мектептерде электрондық журнал жүргізіледі, педагог кадрларды электрондық аттестаттау енгізіледі.

Отбасымен жұмыс істеу үшін баланы қоршаған ортаның әлеуметтік микроортасын, оның қажеттіліктерін зерттеуге, отбасының ресурсын анықтауға және отбасымен жеке жұмыс жасауға бағытталған «Экокарта» жобасы әзірленді.

Қосымша білім берудің автоматтандырылған қызметі. Үйірмелер мен секцияларға қабылдау онлайн режимінде өтеді, өтінім https://e-daryn.kz сайтында беріледі. Бұл сайтта облыстағы қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің барлық үйірмелері мен секциялары туралы ақпарат бар.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап «Е-дарын» ақпараттық жүйесі арқылы қосымша білім беру ұйымдарында электронды журнал жүргізілуде.

BalaQorgau жобасы жүзеге асырылуда. Балалар мен ата-аналарға жедел консультациялық көмек көрсету үшін барлық білім беру ұйымдарында BalaQorgau сайтының QR коды бар белгілер орнатылды.

Инклюзивті білім беру

2020-2025 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамытудың Жол картасын іске асыру шеңберінде барлық деңгейлерде (мектепке дейінгі, мектептегі, кәсіптік-техникалық және қосымша) инклюзивті білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігі құрылды.

Білім желісіне арнайы (түзету) білім беру ұйымдары кіреді.

Осының барлығы балалық шақтағы мүгедектіктің ерте алдын алуды қамтамасыз етіп, уақытылы психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетуге мүмкіндік береді.

2021-2025 жылдарға арналған патронаттық тәрбиені дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жалғасуда, оған сәйкес жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға патронаттық тәрбиеге орналастыру жоспарланған.

Сонымен қатар облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары жұмыс істеуде.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі қызмет көрсетуде.

Білім беру қызметтері бойынша азаматтардан келіп түсетін өтініштерге түсіндіру, консультация беру және нақты ден қою мақсатында білім басқармасында call-орталық жұмыс істейді.

Ауылдық аймақтардағы білім сапасын арттыру міндеті өзекті болып қала береді.

Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету

Жыл сайынғы республикалық «Үздік педагог» байқауының қорытындысы бойынша облыс мұғалімдері жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздарға «Үздік педагог» атағын беру туралы куәлік, төсбелгі табыс етілді және республикалық бюджет қаражаты есебінен 1000 еселенген АЕК мөлшерінде сыйақы төленді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етумен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалар күн сайын және апта сайын жақын маңдағы жалпы білім беретін мектептерге және кері қарай тегін жеткізіледі. Бұл қызметті білім бөлімдері жүзеге асырады.

Еліміздің мектеп автопаркін жаңарту жөніндегі республикалық жоба аясында лизингтік қаржыландыру арқылы автобустар сатып алу жұмыстары жүргізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 55 колледж қызмет көрсетеді

Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерінің халықаралық стандарттар мен озық технологиялар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында «Жас маман» жобасына қатысатын колледждердің базасында құзыреттілік орталықтары ашылды.

Барлық студенттермен дуальды оқыту туралы шарттар жасалды және қазіргі уақытта өңірлік кәсіпкерлер палатасының тізілімінде тіркелуде. Оқу жоспарлары, оқу процесінің кестелері және практика бағдарламалары кәсіпорындармен келісілген.

Кәсіпорынмен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Ең ірі әлеуметтік әріптестер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Инкар-1» ЖШС, «Аспап» құрылыс – кәсіпкерлік кооперативі және т.б. болып табылады.

Мамандарды даярлау көлік, тау-кен өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсібі, қызмет көрсету, энергетика және байланыс салаларына арналған.

Бірқатар колледждер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «ҚазТехно» АҚ, «Инкар-1» ЖШС, «Аспап» құрылыс-кәсіпкерлік кооперативі, «ҚАЗМЕХАНОМОНТАЖ» ЖШС, «СКЭП» ЖШС, «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ БП Қарағанды бөлімшесі» сияқты ірі кәсіпорындармен қамқорлық туралы Меморандумға қол қойды.

55 колледжде индустриалды кеңестер жұмыс істейді. Олар облыс колледждерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыру бойынша жұмыстарына қатысады.

7-11 сынып оқушылары үшін «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарлау жобасы іске асырылуда.

«Mycollege бірыңғай порталы» және оқушылардың тестілеуден өтуінен бастап оқу орнын іздеуге дейін мамандық таңдауды ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарды біріктіруге мүмкіндік беретін бірыңғай кәсіптік бағдарлау жүйесі әзірленді.

Кешенді жоспар шеңберінде «Мамандығым-болашағым» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы бекітілді.

Жол картасын іске асыру қорытындылары бойынша жетекші кадрлармен қамтамасыз етудің өңірлік стандарты (жергілікті кәсіпорындар үшін кадрлар даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қағидалар, әдістемелер мен стандарттар жүйесі) әзірленетін болады, ол өзекті дағдыларға (болашақтың дағдыларын қоса алғанда) қажеттілікті болжауды, мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысын, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының жаңа талаптарына сәйкес келтіруді қамтиды.

Документы
Қорытынды
11 октября 2023
Қарағанды облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың және адами ресурстарын дамытудың бірыңғай қызметі
Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі
Қорытынды
04 сентября 2023
Қарағанды облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың және адами ресурстарын дамытудың бірыңғай қызметі
Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі
Кесте
31 августа 2023
Қарағанды облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың және адами ресурстарын дамытудың бірыңғай қызметі
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
Новости
Полезные материалы
Инклюзивті білім беру
Қосымша білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Медиагалерея
События
27 марта
Қарағандыда математикадан ашық олимпиада өтеді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қарағанды облысы әкімі аппаратының экономикалық даму, әлеуметтік, агроөнеркәсіптік кешені, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіп және ТЖ бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Мектеп жанындағы лагерьлерге қай жасқа дейін баруға болады?

Мектеп жанындағы лагерлерге бастауыш сынып оқушылары, яғни 6-11 жас аралығындағы балалар барады. Жоғары сыныптар үшін көркем, сәндік-қолданбалы, музыкалық, экологиялық, техникалық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік мектеп жанындағы лагерьлер, тіл үйірмелері мен спорттық секциялар жұмыс істейді.

Жергілікті атқарушы органның білім гранттары қалай тағайындалады?

"Бакалавр "немесе" магистр "дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысына сәйкес "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесі беріле отырып, білім беру гранттары жергілікті бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру бағдарламаларының нақты топтары, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес білім беру

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданады.

5 жастағы балалар мектепке қабылдана ма?

ҚР "Білім туралы" Заңына, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа олардың дайындық деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жылы 6 жасқа толған балалар қабылданады.

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы