
Облыстық денсаулық сақтау желісінде 42 мемлекеттік медициналық ұйым (дербес заңды тұлғалар) бар, соның ішінде 33 – ауруханалық ұйым, оның ішінде, 7- ОАА , 14- стационар, 2- диспансер, 10 – амбулаториялық-емханалық (оның ішінде 1-облыстық деңгейдегі стоматологиялық емхана) және басқа да 13 ұйым: Орталық ЖИТС (Қарағанды қаласында, Теміртау, Балқаш қ.қ. филиалдарымен бірге), қан орталығы (Қарағанды қаласында, Теміртау, Балқаш қалаларындағы филиалдарымен бірге), жедел медициналық жәрдем станциясы (Қарағанды қ.), 2 медициналық колледж (Қарағанды қ., Балқаш қ.), мамандандырылған медициналық мүлік қоймасы, 1 балалар үйі (Қарағанды қ.), 2 санаторий.
Денсаулық сақтау ұйымдары медициналық тегін көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынады.
Балалар жылы деп жарияланған 2022 жылы балалар санаторийі, оңалту орталығы, сәбилер үйі қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды.
Нәтижесінде, халық денсаулығының көрсеткіштері жақсарды.
Облыста дәрігерлер мен орта медициналық персоналмен жасақталған МСАК ұйымының қызметі жұмыс атқарады