Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
Внутренний анализ коррупционных рисков: ГУ «Управление по развитию языков Карагандинской области»

«Қарағанды облысның тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ – сі және бағынысты мекеме  «Ресурстық тіл орталығы» КММ-не сыбайлас жемқорлықтың

тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

талдамалы анықтамасы

 

                                                                                                                                     22.05.2024 жыл

 

            «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармақтарына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ММ басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №23 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобы  2024 жылдың 23 сәуірінен 2024 жылдың 22 мамыры аралығында «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ – сі және бағынысты мекеме «Ресурстық тіл орталығы» КММ-не жұмысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

 

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

            «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ – сі және бағынысты мекеме «Ресурстық тіл орталығы» КММ

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негізі:

            «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №23 бұйрығы

            Ішкі талдау обьектісі қызметінің талданатын кезеңі:

            23.04.2024 ж. – 22.05.2024 ж.

            Жұмыс тобының құрамы:

  1. Төлеген Алтынай Елубайқызы – әкімшілік бөлімінің басшысы;
  2. Нельдыбаева Сәуле Жемисбековна – тілдерді дамыту және үйлестіру бойынша бас маманы;
  3. Темиргалиева Гаухар Несипхановна – ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бойынша бас маманы;
  4. Касимова Роза Бекжановна – әкімшілік бөлімінің бас маманы – бас бухгалтері;
  5. Даулбаева Бибигуль Садуовна – «Ресурстық тіл орталығы» КММ – нің директоры.

 

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бағыты:

 

  1. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-де

 сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау.

  1. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша төмендегілер зерделенеді: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 «Жарнама туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» № 281 қаулысы зерделенді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Басқарманың лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.      

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы №13/09  қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-нің Ережесі, Бөлім Ережесі, Басқарма Регламенті, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары сараланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            Аппараттың штат саны - 7 штат бірлігі мемлекеттік қызметшіні құрайды,

            - оның ішінде 1- басқарма басшысы;

            - 1 бөлім басшысы;

            - 5 бас маман.

2023 жылдың 29 желтоқсанында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының 2023 жылдың 29 тамыздағы № 176 бұйрығына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларының бекітілуіне байланысты 2 бөлім басшысы, бас маман лауазымына тағайындалды. Ұсынылған лауазымнан 1 қызметкер бас тартып қысқартылды. Қысқартылған қызметкерге ҚР мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленді.

            Ағымдағы жылы 1 мемлекеттік қызметші өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.

            Жалпы конкурс нәтижесі негізінде 2 мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданды.

            Басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

            Басқарма қызметкерлерінде акциялар, пайлар жоқ, ЖК жоқ.

            Басқармада коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған.

            Басқарманың барлық қызметшілері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілді. Мемлекеттік қызметшілерге айыппұлдар салынбаған.

 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            2024 жылы басқарма қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы болған жоқ.

            Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметшілердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар кезінде жақын  туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффирленген болуы фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын жасау үшін жауапкершілікке тартылудың фактілері анықталмаған.

 

  1. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            Басқарма облыс аумағында тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 75-бабында тіл туралы заңнаманың бұзылуы үшін жауаптылық көрсетілсе, 731-2-бабында (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы» екені көрсетілген.

            Қарағанды облысы тіл заңнамасының сақталуын бақылауға қатысты мәселелерді уақытылы шешу мақсатында осы бағыттағы жұмысты алғашқылардың бірі болып бастауды жоспарлаған.

            Осыған байланысты Қарағанды облысы әкімі аппаратына облыс әкімі орынбасарының лауазымдық нұсқаулығына енгізу туралы 14.09.2023 ж. №5-3/550 хаты жолданған.

            Алайда қазіргі күнге дейін жалпы республика бойынша тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын іс жүзінде қолдану тәжірибесі бұрын-соңды қолға алынбағандықтан аталған мәселе ашық тұр.

 

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

 

            2023 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 54 өтініш түсті, оның ішінде 36 өтініш, 7 шағым, 2 ұсыныс, 9 өзгеде (хабарлама, сұрау салу, үн қосу).

            Барлық  54 өтініш қаралды, оның ішінде 36 өтініш бойынша қолайлы Әкімшілік акт қабылданды, 5 өтініш бойынша ауыртпалықты Әкімшілік акт қабылданбады, 10 өтініш бойынша түсініктеме берілді. 1 өтініш басқа мемлекеттік органға жолданған, қалған 2 өтініш бойынша  келесі жылға ауысқан. Мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.

Есептік кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 36 өтініш түсті, оның ішінде 22 өтініш, 5 шағым, 8 ұсыныс, 1 өзгеде (хабарлама, сұрау салу, үн қосу).

            Барлық  36 өтініш қаралды, оның ішінде 24 өтініш бойынша қолайлы Әкімшілік акт қабылданды, ауыртпалықты Әкімшілік акт бойынша өтініш қабылданбады, 12 өтініш бойынша түсініктеме берілді. Мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.

            Өтініштердің жалпы көлемінің басым бөлігін ономастика сұрақтары және тіл заңнамасын бұзушылықтар жөніндегі өтініштер құрайды. Басқарма қызметкерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша мекемеге өтініштер түскен жоқ.

            Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

            Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес  2023 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді, оның ішінде:

  1. Ашық конкурс – 5;
  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 3;
  3. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен – 10;
  4. Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 1.

2024 жылдың есептік кезеңінде 46 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:

  1. Ашық конкурс-7;
  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 4;
  3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу-27;
  4. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен-8;

Барлық шарттар заңнамамен белгіленген мерзімде жасалды, өнім берушілер тарапынан шарттық міндеттемелерді бұзушылықтар анықталмаған. Даулы сұрақтар туындаған жоқ. Орындалған шарттар бойынша төлем қатаң шарт талаптары бойынша, яғни көрсетілген қызметтер/тауарды жеткізу фактісі бойынша 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.                

 

«Ресурстық тіл орталығы»КММ-де сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

«Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-сі басшының 04.05.2018 жылғы № 85 бұйрығымен бекітілген «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің Жарғысы («Қарағанды облысы Әділет департаментінің Қарағанды қаласы Әділет басқармасы» ММ-нің заңды тұлға ретінде тіркелген күні 21.05.2018 ж. №180540023903), 2018 жылдың 4 мамырымен бекітілген 2 бөлімнің ережелері, 28.05.2018 жылғы №3 бұйрықпен бекітілген ішкі еңбек тәртібінің ережесі, азаматтық қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары бар және жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            РТО-ның құрылымы;

  • Әкімшілік персоналдан (директор, бас бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор-іс жүргізуші);
  1. Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінен;
  2. Латын графикасына көшу бойынша талдау, мониторинг және ақпараттық технологиялар бөлімінен тұрады.

РТО-ның штат саны - 12 адам, факт бойынша – 11, уақытша лауазымдық бос орын - 1.

            Барлық қызметкерлер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. 2023 жылы 3 қызметкер өз еркімен, ал ағымдағы 2024 жылы 1 адам өз қалауы бойынша қызметінен босатылды.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін РТО директоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарына декларация уақытында тапсырылды.

            РТО-ның барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілді, айыппұлдар салынбаған.

 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің РТО-ның директорымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын жасау үшін жауапкершілікке тартылудың фактілері анықталмады.

 

  1. Қаржы шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес  2023 жылы мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:

  1. Ашық конкурс – 1;
  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 1;
  3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу – 30;
  4. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен – 6;
  5. Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 7.

2024 жылдың есептік кезеңінде 25 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:

  1. Ашық конкурс-1
  2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу – 15;
  3. Өткізілмеген мемлекеттік саты алу бойынша бір көзден алу тәсілімен - 4;
  4. Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 5.

Барлық шарттар заңнамамен белгіленген мерзімде жасалды,өнім берушілер тарапынан шарттық міндеттемелерді бұзушылықтар анықталмаған. Даулы сұрақтар туындаған жоқ. Орындалған шарттар бойынша төлем қатаң шарт талаптары бойынша, яғни көрсетілген қызметтер/тауарды жеткізу фактісі бойынша 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіліп отыр.

            РТО-ға сараланып отырған кезеңде 2023 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш (ресурстық тіл орталығында қаралғаны – 2 өтініш, өтініштер бойынша қолайлы Әкімшілік акт қабылданды), 2024 жыл бойынша 2 өтініш (ресурстық тіл орталығында қаралғаны – 1 өтініш, тақырыбы бойынша басқа ұйымдарға жіберілген өтініш саны – 1) келіп түскен.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресурстық тіл орталығы мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

            Өтініштердің жалпы көлемін тіл заңнамасын бұзушылықтар жөніндегі өтініштер құрайды. РТО қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша мекемеге өтініштер түскен жоқ.

            Талдау қорытындысы бойынша Басқарма қызметінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

            Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай  келе  анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін төмендегідей ҰСЫНЫС береміз:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау.
  3. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 53-VI Әкімшілік рәсімдік –процестік кодексінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау рәсімдері бөлігіндегі талаптарын тұрақты негізде түсіндіру;
  4. Басқарма және РТО қызметшілерінің кәсіби біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыру.
  5. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын іс жүзінде жүзеге асыру.

 

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының мүшелері:                                      

 

Әкімшілік бөлімнің басшысы                                                                        А. Төлеген

 

Тілдерді дамыту және үйлестіру

бойынша  бас маманы                                                                                     С. Нельдыбаева

 

Ономастика, сараптама және қоғамдық

ұйымдармен байланыс бойынша бас маманы                                          Г. Темиргалиева

 

Әкімшілік бөлімінің

бас маманы – бас бухгалтері                                                                         Р. Касимова

 

«Ресурстық тіл орталығы»

КММ – нің директоры                                                                                   Б. Даулбаева

 

 



Документы
Распоряжение
01 июня 2026
Об утверждении плана проведения периодической проверки в Карагандинской области за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках на ІI полугодие 2026 года
План
27 мая 2025
Плана проведения периодической проверки в Карагандинской области за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках на ІI полугодие 2025 года
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы