
Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту мақсатында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 2027 жылдың соңына дейін облыс аумағында бес негізгі іс-шараны іске асыру жоспарлануда:
Жергілікті желіні дамыту:
2027 жылдың соңына дейін облыстың 98 ауылында (жалпы халық саны – 164 947 адам) жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін тармақталған жергілікті желі салынады.
ТОБЖ (талшық-оптикалық байланыс желісі) тарту:
50 мыңнан астам халқы бар 179 ауылға талшық-оптикалық кабель жеткізіледі. Бұл тұрақты және жылдам интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.
Автомобиль жолдарының бойында инфрақұрылымды дамыту:
2026 жылдың соңына дейін республикалық және негізгі облыстық автомобиль жолдарының бойында 14 антенна-мачталық құрылғы орнату жоспарлануда.
5G желілерін дамыту:
Қарағанды қаласында 97 5G базалық станциясы іске қосылады. Бұл жоғары жылдамдықты мобильді интернет пен цифрлық сервистердің дамуына ықпал етеді.
Аз халықты ауылдарда интернетпен қамтамасыз ету:
2027 жылдың соңына дейін облыстың 2 303 тұрғыны бар 33 аз қоныстанған ауылында спутниктік технологияны пайдалану арқылы интернетке қол жеткізу нүктелері ұйымдастырылады.