Жас блогерлер мектебі
Школа молодых блогеров
"Жас блогерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру" жобасы. Жобаға бөлінген сома 2 млн. теңгені құрайды. Жоба бойынша жеткізуші болып "Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы" ҚБ анықталды.
Жоба аясында тілек білдірген 153 жас азамат үшін онлайн оқыту ұйымдастырылды. Жоба қатысушыларымен тікелей байланыс Telegram платформасы арқылы жүзеге асырылды. Арнайы құрылған Telegram арнасында қатысушылармен кері байланыс орнатылды, онда үй тапсырмаларын жинау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың маусым айында Instagram парақшасында тікелей эфирлер өткізілді. Барлығы 15 сабақ, 60 сағат сабақ өткізілді. Онлайн оқыту қорытындысы бойынша 27 жас блогер оқытылды.
Сондай-ақ, журналист-редактор және SMM менеджері Анна Горонамен бірге Saryarqa_jastary Instagram-дың ресми парақшасында келесі тақырыптар талқыланды:
1. Stories;
2. Клиптік ойлау;
3. TikTok;
4. Видеоконтент;
5.Instagram-да Геймификация;
6. Копирайтинг;
7. Instagram жарнамасы