Қарқаралы ауданының жастарына жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту мақсатында гранттар берілді

Аймағымызда жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағытында жұмыс жалғасуда. Атап өтсек, биыл бұл бағытта облыс көлемінде жұмсалатын қаржының жалпы соммасы – 3️30 млн. теңге. Оның ішінде, облыс әкімнің мақсатты гранттары – 100 млн., қала және аудан әкімдерінің гранттары – 128 млн. және «Zhas Project» жобасы аясындағы гранттар – 63 млн. теңге. Бірқатар қала және аудандар 2022 жылғы гранттарды табыстап үлегрді, «Zhas Project» жобасы бойынша өтініштер 10 тамызға дейін қабылданады, ал облыс әкімінің гранттарына өтініш қабылдау қыркүйекте жарияланады. Жалпы, аталмыш қаржылық қолдаудың басты мақсаты жастардың, соның ішінде ауылдағы замандастарымыздың жұмысбасталығын қамтамасыз ету.
Осы бағытта 5 тамызда Қарқаралы ауданы әкімінің жастар арасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту гранттары табысталды. Жалпы соммасы 8️ млн. теңге, гранттарға ие болған 13 жеңімпаздың кәсіптерінің негізгі үлесі халыққа қызмет көрсету саласында болғаны қуантады. Осы ретте Қарқаралы ауданы жастарының кәсіпкерлікпен айналсуға ерекше зор ынтасын атап өткен жөн. Оның бір ғана мысалы, өткен жылы табысталған облыс әкімі гранттарының саны бойынша аудандар арсында көш бастаған - Қарқаралы ауданы (11 грант). Биыл да аудан жастарының тарапынан осындай белсенділік болды деген ойдамыз. Грант иегерлеріне нәтижелі жұмыс тілеймін!
Связанные материалы:
0104 ноября 2020Молодежное предпринимательство