Тіл – тәрбие бастауы

Өскелең ұрпақтың ана тіліне деген құрмет сезімін оятып, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында тілдер мерекесі аясында «QAZBILIM» ұлттық лицейінде «Тіл – тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу арнайы шақырылған қонақ – тіл жанашыры әрі балалар жазушысы Жұпар Жақанмен сұрақ-жауап түрінде өрбіді.
Негізгі тақырыпқа орай қазақ тілінің байлығы, көркем шығарманың оқырманға әсері туралы сөз қозғалды.
Оқушылар тарапынан «Ең сүйікті жазушыңыз кім?», «Балалардың тілін қалай дамытуға болады?», «Әдебиет сабағын тартымды өткізудің жолы қандай?» т.б. сұрақтар қойылып, Жұпар Рысқұлқызы ретімен жауап берді. «Чипси мен шибауырсақ» жинағын таныстырып, осы аттас мысал әңгімесін оқып берді. Өз ойын Қадыр Мырза Әлінің «Ана тілі – арың бұл» деп басталатын жыр жолдарымен қорытындылады.
Кездесу барысында ұлттық лицей оқушылары ақындардың тіл туралы өлеңдерін жатқа оқып, ән орындап, өте белсенділік көрсетті.