Нарманбет Орманбетұлы 165 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, суырып салма ақын, от ауызды, орақ тілді, халқының қамын, елінің егемендігін ойлап, отаршылдыққа қарсы болған, ақындығымен елді аузына қаратқан, әділ де шешен, алғыр да көсем атанған ойшыл-ағартушы Нарманбет Орманбетұлының 165 жылдығына арналған «Нарманбет және ұлт азаттық идея» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
Секция 1. Нарманбет ақынның өмір жолы мен қайраткерлік келбеті
Секция 2. Алаш қайраткерлерінің ұлт азаттық идеясы
Конференцияны өткізу 2024 жылдың қыркүйек айында жоспарлануда. Өткізу күні қосымша хабарланатын болады.
Конференция бағдарламасына (ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша) және секциялық баяндамалар енгізіледі.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ: келіп қатысу және сырттай (еңбектері жинаққа енгізіледі).
БАЯНДАМА ЖАРИЯЛАУ ШАРТТАРЫ: Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен мақаланы nur.ai1987@mail.ru электронды поштасына толтырып жіберу керек. Материалдарды қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 20 тамызына дейін.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР: Мақала, қатысушының - өтініш анкетасы (автор туралы мәлімет). Форма әр авторға және әр бірлескен авторға толтырылады. Барлық құжат электронды түрде қабылданады. Өтініш-анкета формасы тіркелген.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:
- Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 пт, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);
- Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, екі жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.
- Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.
- Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дереккөз бетін көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].
Мақалаларды жинау ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.
Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
Конференцияны өткізу 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарлануда. Өткізу күні қосымша хабарланатын болады.
Байланыс мәліметтері:
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Қарағанды қ., Ғ.Мұстафин көш., 6/4, 8(7212) 51-38-00; 87014891939 – Айнұр Бөгенбаева
Өтетін орны: Ақтоғай ауданы, Мәдениет үйі, Ә.Бөкейхан көшесі, 2
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ӨТІНІШ БЕРУ ФОРМАСЫ
| «Нарманбет және ұлт азаттық идея» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға өтініш | |
| Тегі, аты, әкесінің аты (толық) | |
| Қызметі, ғылыми дәрежесі мен атағы: | |
| Ұйымы (толық): | |
| Мекенжайы: | |
| Ұялы телефонының номері: | |
| E-mail: | |
| Мақала атауы: | |
| Секция: | |